Елімізде Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 1 239 055 адам салдырды
Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 588 616 адам, екінші компонентін 9 376 773 адам салдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВАК мәліметіне сәйкес.
Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 1 239 055 адам салдырса, екінші дозасын 1 200 014 тұрғын салдырды.
Оның ішінде, бірінші компонентімен жасөспірімдердің – 874 577-сі, ж үкті әйелдердің – 41 634-і, бала емізетін аналардың 145 465-і қамтылды.
Екінші компанентін жасөспірімдер – 860 111-і, жүкті әйелдер – 39 526-сы, бала емізетін аналардың 142 042-сі алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 253 адамнан коронавирус анықталды
Өзгелердің жаңалығы