Елімізде патриоттық ұйымдардың басын қосатын орталық ашылады
Әскерге шақырылуға дейінгі жастағы жастармен бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ҚР ҚМ тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Мемлекет басшысы “Жас сарбаз” қозғалысын ұлттық деңгейге көтеруді тапсырғанын айтады.
Осы орайда, былтыр әскери-патриоттық жастар концепциясы қабылданды.
Концепция аясында елімізде “Әскери қыран”, “Әскери бүркіт” деген дербес әскери патриоттық клубтар құрылды. Осының барлығын бір жүйеге келтіріп, бір бағдарлама, киім үлгісі дайындалады. Үлкен координациялық ұжым құрылып жатыр, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Сондай-ақ Басқожаев Қазақстанда патриоттық ұйымдарының басын қосатын орталық құрылатынын атап өтті.
Алматы қаласындағы Әскери институтта Сағадат Нұрмағамбетов атындағы коворкинг орталығы ашылады. Оның мүмкіндіктері өте кең. Бұл бүкіл Қазақстандағы жастар патриоттық ұйымдарының басын қосатын орталық болады. Оның телекөпір, ерлік сабақтарын өткізу мүмкіндіктері бар. Сол кісіге арналған кітаптың презентациясы өтеді, - деді Тілеухан Басқожаев.