Елімізде пәтерлерді жалға беру бағасы төмендей бастады
Қазақстанның кейбір қалаларында пәтерлерді жалға беру бағасы төмендей бастағанын айтты, деп хабарлады BAQ.KZ.
Ресейде мобилизациялау жарияланғаннан кейін елімізде алғашқы апталарда шарықтаған пәтерді жалға беру бағасы төмендей бастады, - деп атап өтті сайт сарапшылары.
5-12 қазан аралығында еліміздің жеті қаласында жалға берілетін баспана бағасы орта есеппен 10%-ға арзандады. Жалдау ақысының төмендеуі Петропавл, Ақтөбе, Павлодар, Орал, Астана, Қостанай, Атырау қалаларында байқалады.
Бұл ретте Алматы, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Шымкент қалаларында жалдау бағасы қымбаттады. Сонымен қатар, Түркістан, Тараз, Көкшетау қалаларында жалдау ақысы да мен сұраныс та өзгермеген.
Жалдау ақысының өсу шыңы Алматы қаласында – 30 қыркүйек пен 7 қазан аралығында, Астанада – 5 қазаннан, Оралда – 2 қазаннан бастап төмендеген.
Алматыда әзірше бағаның арзандауы байқалмайды. Бұл ішінара нарық құрылымының өзгеруіне және арзан пәтерлердің тапшылығына байланысты, - делінген хабарламада.