Елімізде отандық анимациялық бірлестік құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады.
Оның айтуынша, жаңадан құрылатын отандық анимациялық ұйым 2025 жылға дейін бірнеше мультфильмді жарыққа шығарады.
2025 жылға дейін отандық анимациялық контентті шығаратын сервистік компания ретінде «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін құру арқылы 40 отандық анимациялық фильмді түсіреді. 2023 жылдан бастап барлық жүргізіліп жатқан мәдени іс-шара, театр маусымдары, кітапхана қорлары, музейлер мен көрмелер туралы ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, e-culture.kz бірыңғай электронды платформасы іске қосылады, - деп атап өтті ведомство басшысы.Сондай-ақ отбасылық көрсетілімге арналған халықаралық стандарттар бойынша күту рейтингі жоғары анимациялық фильмдердің кең дистрибуциялы дубляжын қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
20 пленкалық көшірмелерді цифрландыру мен фильмдерді реставрациялау, сондай-ақ «Қазақфильм» киностудиясының жаңғыртылуы көзделген, - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық жоба аясында танымал анимациялық және танымдық арналар қазақшаланатындығы туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аида Балаева ұлттық жобаның міндеттерін атады
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы