Елімізде орталық кәріз жүйесіне қосылған үйлердің үлесі 61%-ға жетті
Қазақстанда орталық кәріз жүйесіне қосылған әжетханалары бар үйлердің үлесі 61%-ға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылдың соңына қарай Қазақстандағы отбасылық үйлердің 61%-ы орталық кәріз жүйесіне қосылған әжетханаларды пайдаланды. Бұл өткен жылғы 58,4%-бен салыстырғанда оң өсім көрсетті.
Септикпен жабдықталған әжетханалар бар үйлердің үлесі бір жыл ішінде 29,1%-дан 26,8%-ға дейін азайса, шұңқырлы әжетханаларды (выгребная яма) қолданатын үй шаруашылықтарының үлесі 29,7%-дан 25,6%-ға дейін төмендеді.
Аймақтық ерекшеліктер:
Ең жоғары көрсеткіштер мегаполистерде тіркелді:
Шымкент — 99,2%;
Астана — 98,4%;
Алматы — 85,9%.
Ең төмен көрсеткіштер:
Түркістан облысы — 10,9%;
Алматы облысы — 22,4%;
Жетісу облысы — 27,2%.
Септикпен қамтылған үйлер:
Септик жүйесін қолданатын отбасылардың үлесі төрт облыста 50%-дан асты:
Қызылорда облысы — 70%;
Алматы облысы — 57,4%;
Түркістан облысы — 53,6%;
Атырау облысы — 52,3%.
Ең төмен көрсеткіштер:
Шымкент — 0,6%;
Астана — 1,4%;
Алматы — 14,1%;
Шығыс Қазақстан — 12,4%;
Ұлытау — 14,9%;
Қарағанды — 15%.
Шұңқырлы әжетхана қолданатындар:
Ең жоғары көрсеткіштер:
Қызылорда облысы — 69,5%;
Алматы облысы — 66,8%;
Жетісу облысы — 65,3%;
Түркістан облысы — 62,6%;
Атырау облысы — 56,2%.
Бұл деректер ҚР Ұлттық статистика бюросының 11,7 мың үй шаруашылығын қамтыған іріктемелі зерттеуі нәтижесінде алынған. Ауылдық жерлер мен жеке тұрғын үйлердің ерекшеліктеріне байланысты кейбір отбасылар бір уақытта бірнеше түрлі әжетханаларды пайдалануы мүмкін (үйде септикпен, аулада — шұңқырлы).