Елімізде "Өрт-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

15-16 мамыр аралығында барлық өңірлерде "Өрт-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл іс-шара табиғи өрттер туындаған кездегі іс-қимылдарға басқару органдарының, азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарының дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. 

Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісовтың басшылығымен Абай облысының "Семей Орманы МОТР" РММ Бородулиха филиалының аумағында орналасқан. 

Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн ішінде барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені, сондай-ақ әрбір ведомство үшін жеке айқындалған тиісті кіріспелер бойынша азаматтық қорғау қызметтерімен және құралымдарымен практикалық іс-қимылдар жүргізіледі. 

Республикалық штаб табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін басқа облыстардан күштер мен құралдарды тарту жөніндегі алгоритмді пысықтайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы