Елімізде оқып, шетелдік диплом қалай алуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  «Ғылым және жоғары білім министрлігінің Болон процесі және академиялық мобильдік орталығының директоры Айдос Мұқатаев  Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Біздің елдің жоғарғы білімі әлемдік ЖОО жүйесіне интеграциялану нәтижесінде «СҚУ мен Аризона Университетінің біріккен оқу бағдарламасының іске қосылуы» сынды бағдарламалар қосылып жатыр. 2010 жылдан бері Қазақстан Боллон процесіне мүше. Боллон процесінің параметрлерінің бірі – академиялық ұтқырлықты дамыту. Сондай-ақ ұйымға кіретін елдер арасында дипломдарды тану мәселесі де бар. Біздің дипломдарды тану үшін осындай бағдарламаларды іске қосамыз, - деді Мұқатаев. 

Ол атағандай, бұл еліміздің білім жүйесіндегі  алғашқы тәжірибе емес. 

Мысалы, 2021-22 жылдары Қазақстанның 41 ЖОО-сында 2013 қос дипломдық бағдарлама болды. Онда 1238 білім алушы оқуды тәмамдады. Қос дипломды бағдарламалар бойынша білім алғандар жан-жақты болады. Оның ішінде Нью-Йорк университеті, Қытайдың педагогикалық университеті сияқты әлемдік университеттері бар. Осы сынды Қозыбаев атындағы СҚУ мен Аризона Университетінің біріккен оқу бағдарламасының іске қосылу бойынша бағдарлама іске қосылды. Бұл университет әлемдік үздік университеттің бірі болғандықтан бізге тәжірибе алмасу өте маңызды, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы