Елімізде өңдеу өнеркәсібінде серпінді өсу үрдісі байқалуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Өңдеу өнеркәсібінде серпінді өсу үрдісі байқалуда. Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында өндіріс көлемі 6,5%-ке өсті. Барлық өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, сондай-ақ Солтүстік-Қазақстан және Атырау облыстарында байқалуда, - деді  Әлібек Қуантыров.

Министрдің ата өтуінше , өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісі 11,3%-ға, оның ішінде автомобиль жасау 14,8%-ға, вагондар мен локомотивтер өндірісі 13,3%-ға артып отыр.

Құрылыс материалдарының 12,4%-ға, дайын металл бұйымдарының 11,0%-ға, пластмасса бұйымдарының 15,2%-ға, фармацевтикалық өнімдерінің 18,2%-ға, сусындардың 19,0%-ға, киім өндірісінің 13,0%-ға өсуі қамтамасыз етілді, - деді ол.

Сондай-ақ Әлібек Қуантыров тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,1%-ке ұлғайғанын атап өтті.

Салалар бөлінісінде өсім тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 17,1%-ті, газ өндіруде – 8,2%-ті, шикі мұнай өндіруде 7,6%-ті, өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде – 6,3%-ті, металл кендері мен көмір өндіруде – 1,9%-ті құрады, - деді Ұлттық экономика министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы