Елімізде өңдеу өнеркәсібі 5,2 пайызға өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 11 айда өңдеу өнеркәсібі 5,2 пайыз өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті.

Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсу үрдісі сақталуда. Осы жылдың қаңтар-қараша айларында сала бойынша өндіріс көлемі 5,2 пайызға өсті. 15 өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы және Қызылорда облыстарында байқалуда. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісі 18,5, оның ішінде автомобиль жасау – 21,3, вагондар мен локомотивтер өндірісі – 56,7, сондай-ақ құрылыс материалдары – 9,2, дайын металл бұйымдары – 18,1, пластмасса бұйымдары – 41,4, фармацевтикалық өнімдер – 27,9, жиһаз – 9,7, киім 8,7 пайыз деңгейінде серпінді өсім көрсетіп отыр, - деп атап өтті министр.

Оның сөзінше, тау-кен өнеркәсібінде өсімнің қалпына келу қарқыны жалғасуда. Есепті кезеңде сала бойынша өндіріс көлемі 0,8 пайызға артты. Салалар бойынша өсім металл кендерін өндіруде 3,9, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 1,8, көмір өндіруде 0,7 пайызға жетті. Шикі мұнайды, газды және өзге де пайдалы қазбаларды өндіру салаларында өндірістің әлі де теріс көрсеткіштері сақталып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы