Елімізде «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелгені рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Батыс Қазақстанда «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Бұл жалған ақпарат, «омикрон» туралы айтылған жоқ. «Омикрон» жоқ, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының «омикрон» штамын жұқтырған бірде-бір жағдай тіркелмеген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кететіні туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жезқазғанда Жастар сарайы ашылды
Өзгелердің жаңалығы