Елімізде омикрон штаммы анықталды ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.
Бүгін Үкімет отырысында аталған штаммдарды секвенациялау жұмысын жалғастыру әрі жандандыру туралы қосымша шешім қабылданды. Таяу уақытта, шамамен желтоқсанның үшінші онкүндігінде бұл процедуралардың нәтижесін білетін боламыз, - деді вице-министр.
Оның атап өтуінше, әзірше тіркелген жағдайлардан омикрон штамының ПТР тестілеуге сезімтал екендігі, оны анықтауға болатындығы белгілі. Демек ПТР тестілеу барлық пациенттен штаммды анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл үшін вирус секвенациясына қосымша зерттеу жүргізу қажет. Бұл үлкен жұмысты қажет етеді. Шамамен 2-4 апта кетеді. Сондықтан бұл жұмысты бастадық. Желтоқсанның соңында Қазақстан аумағында айналымда жүрген штамм түрлеріне қатысты толық картина қолымызда болады, - деді ол Үкімет отырысынан кейін.