Елімізде «Олимпиада күні туған» акциясы өтті

Бүгін, 23 маусым күні туылған барлық нәрестені Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті ерекше құттықтады. Халықаралық Олимпиада күні туған еліміздегі барлық сәби арнайы сертификат, құттықтау хаты және естелік сыйлықтарға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Олимпиада күні туылған» дәстүрлі акциясы өтті бүгін сағат 00:00-де басталып, еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қамтиды.

Акцияға Қазақстанның барлық өңіріндегі 240 перзентхана қатысты. Бүгін өмірге келетін сәбилердің бәріне сыйлықтар жиынтығы дайындалған.

23 маусымда туылған сәбилерге арналған мерекелік жиынтық «Olympian is born» («Өмірге олимпиадашы келді») жазбасы бар боди мен олимпиадашылар атынан жолданған құттықтау хаттан тұрады.

Ұлттық Олимпиадалық комитет бұл дәстүрге ерекше жылылықпен қарайды. Біз үлкен олимпиадалық отбасымызға қосылған барлық сәбиді осылай қарсы аламыз. Өмірлік таңдауының қандай боларына қарамастан, біз осы бір ерекше дата – Халықаралық Олимпиада күнінде туылған әрбір баланың алдағы уақытта да жеңімпаз боларына сенеміз. Олардың армандары міндетті түрде орындалуын тілейміз. Біздің спортшылар ең батыл деген бала армандардың шындыққа айналатынын дәлелдеп шықты. Қазіргі чемпиондардың жаңа туған сәбилерге жолдаған тілегі өмірін енді бастаған бөбектер мен біздің олимпиадашылар арасындағы бұзылмас байланыс іспетті. Біз осы күні өмірге келген балақай мен оның отбасының қуанышына ортақтасып, зор денсаулық, бақыт, байлық тілейміз, - деп атап өтті Қазақстан ҰОК.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы