Елімізде өлген малдың еті сатылып жатқаны рас па?

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрлік өлген жануарларды утилизациялау жұмыстары ветеринариялық қызметтердің ерекше бақылауында екенін айтты. Шығу тегі күмәнді етті сату туралы таратылып жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайды.

Оның айтуынша, Залалды өтеу және деректерді салыстыру жөніндегі комиссиялардың жұмысы шеңберінде бүгінгі күні су тасқыны салдарынан 8,2 мың бас ауыл шаруашылығы жануарының өлгені расталды. Жалпы мал шығының 70%-ға жуығы - ұсақ мал.

Министрліктің республикалық эпизоотияға қарсы отряды облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өлген жануарларды жинау және жою жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі таңда барлық мал басының 97 пайызы жойылды. Су басқан аймақтарда тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті су басқан аумақтардағы мал қорымдарына қосымша профилактикалық дезинфекциялық өңдеу іс-шараларын жүргізуде, - деді спикер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы