Елімізде өнерге құйылатын инвестиция көлемі артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өнер мен демалысқа құйылатын инвестиция бір жарым есеге өсіп, рекордтық 119 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

Сарапшылардың бағалауынша, сектордағы қаражаттың төрттен бірі елордаға тиесілі. Өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы негізгі капиталға бөлінген инвестиция 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында рекордтық 118,9 млрд теңгеге жетті. Ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 53,5%-ға артық (НКИ – 147,9%).

Негізгі капиталдағы барлық инвестициядан сектор инвестициясының үлесі бір жыл ішінде 0,9%-дан 1,2%-ға өсті.

Жалпы 2018 жылы демалыс пен ойын-сауыққа бөлінген инвестиция көлемі 104,2 млрд теңгені құрады, ол 2017 жылмен салыстырғанда 38,7%-ға көп.

Аймақтар арасында сектордағы негізгі капиталға бөлінген инвестицияның ең көп бөлігі Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі, яғни 29,3 млрд теңге ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір жарым есеге көп. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы. Инвестиция көлемі 21,7 млрд теңгені құрап, 2018 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 27%-ға артқан. Үздік үштікті Алматы облысы қорытындылады. Инвестиция көлемі 19 млрд теңгеге жетіп, жылдық өсім - 27,2% көрсетті. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы