Елімізде негізсіз баю туралы заң күшіне енеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығын табыстан асып түскен жағдайда қазақстандықтар ақшаның қайдан келгенін түсіндіруі керек, деп хабарлайды Хабар 24. 

Құжатқа сәйкес 5 жылдан кейін әр азамат қолдағы қаржысы туралы есеп береді. Ал шет елдер азаматтарымыздың ақшасы жөнінде ақпаратты ұсынады. Бұл жағдай қаржыны сыртқа жасырудың жолын кеседі. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов «Хабар» арнасындағы «Национальный интерес» бағдарламасында айтты. Оның толық нұсқасы бүгін 22:30-да көрсетіледі.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы