Елімізде мыңнан астам тұрғын өмір сүретін 6295 ауыл бар

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауылдық аумақтарын дамытудың тұжырымдамасы және жергілікті өзін-өзі басқару тақырыбында өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министр Бауыржан Омарбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, ауылдардың дамуына жүргізілген талдауға сәйкес ел ауылдарының 78% сумен жабдықтау қызметтеріне, 77% интернетке қол жеткізу, жергілікті маңызы бар жолдардың 90% нормативтік жағдайда, 82,6% денсаулық сақтау нысандарымен, 81% білім беру объектілерімен және 59% спорт және мәдениет объектілерімен қамтамасыз етілген.

Жалпы, елді мекендердің ішінен даму әлеуеті жоғары 3500 ауыл іріктеліп алынған.

Ауылдардың 90%-ында жергілікті тұрғындар тұрады. Оның ішінде 1200 тірек ауылдар, оның айналасында 2300 жақын жердегі спутник ауылдар орналасқан. Бұл ауылдарды қаржыландыру негізінен республикалық бюджет есебінен, соның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде жүзеге асырылады», – деді Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы