Елімізде мыңнан астам мектеп жедел басқару орталығына қосылмаған

Мәжіліс депутаты Константин Авершин білім ордаларындағы қауіпсіздік мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты ата-аналардан көптеген өтініш келіп түсіп жатыр. Жақында жүргізілген білім беру мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуына мониторинг нәтижелері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі немесе оның толық болмауы анықталды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Алматы қаласында конкурстарды жеңген көптеген жеке күзет ұйымы техникалық талаптарға сәйкес келмейді. Яғни олардың жүйелері орталықтандырылған бақылау пультіне қосылмаған, олар қорғалған радиоарнаға және бейнебақылау камераларынан бейнебақылау деректерін беруге қол жеткізе алмайды, содан кейін департаменттердің жедел басқару орталығына жетпейді, - деді депутат.

Оның мәліметінше, республикамызда 1 100 мектеп полицияның жедел басқару орталықтарына қосылмаған.

Жеке күзет ұйымдарының нормалары мен талаптарына сәйкес келмеуіне әрбір мектеп өнім берушіні таңдау бойынша дербес конкурс өткізуі және өткізілетін конкурстарға техникалық ерекшеліктер мен біліктілік талаптарын дербес жазуы себеп болып отыр, - деді Авершин.

Депутат мәселені шешу үшін өз ұсыныстарын атады:

- Әлеуметтік маңызы бар объектілерде: балабақшалар, мектептер, интернат мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі конкурстарды өткізу үшін бүкіл ел үшін бірыңғай нақты техникалық ерекшеліктер мен біліктілік талаптарын әзірлеу және енгізу;

- Қысқа мерзімде барлық жеткізушілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру;

- Білім беру мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шарттарды қысқа мерзімде жасасуға жәрдемдесу.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: astanatv.kz
Өзгелердің жаңалығы