Елімізде "Музей түні" дәстүрлі акциясы басталды

18 мамыр – Халықаралық музей күні қарсаңында елімізде "Музей түні" акциясы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Музей түні" аясында дәстүрлі түрде келушілерге көрме, концерт, экскурсия, шеберлік сыныбы және интерактивті іс-шараларды қамтитын бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл жобаның мақсаты – музей саласындағы мәдени мұраны ілгерілету және көпшілікке насихаттау.

Қазақстанда аталмыш жоба 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. ҚР Орталық мемлекеттік музейі бұл іс-шараға белсенді түрде қатысуда.

Сонымен қатар "Музей түні" Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында, "Ұлытау" ұлттық музей-қорығында, "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында, "Ботай" музей-қорығында өтеді.

18 мамырда аталмыш іс-шара ҚР Ұлттық музейінде, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейінде, "Әзірет-Сұлтан" және "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғазиз ШАКИРОВ -архив
Өзгелердің жаңалығы