Елімізде мұнай мен газ конденсатын есепке алатын ақпараттық жүйе іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Жүйеге қазірдің өзінде 25 мұнай өндіруші ұйым, 4 мұнай тасымалдаушы компания және 3 мұнай өңдеу зауыты қосылды. 

Қазіргі уақытта қалған өндіруші компанияларды МЕАЖ-ға қосу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөзі мәлімдеді.

Ақпараттық жүйені құру және енгізу бойынша жұмыстар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде ҚР Энергетика министрлігінің және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылығымен жүргізілді.

Ақпараттық жүйе мұнайды дайындау, өңдеу және тасымалдау кезеңдерінде есепке алу аспаптарынан деректер жинауды автоматтандырады. Деректерді беру автоматты режимде жүзеге асырылады.  

МЕАЖ-ды енгізудің негізгі көрсеткіштері:

- жедел деректер негізінде мемлекеттік деңгейде басқарушылық шешімдер қабылдауды қолдау;

- шикі мұнай мен газ конденсатының айналымын болжау;

- есепке алу аспаптарынан алынған деректер негізінде есептерді автоматты қалыптастыру.

Бұдан басқа, есептеу аспаптарынан деректерді автоматты түрде жинау жер қойнауын пайдаланушыларға күнделікті есептілікті қолмен тапсыру шығыстарын қысқартуға, сондай-ақ адами факторды алып тастауға байланысты деректерді дұрыс енгізбеу тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы