Елімізде мүгедектігі бар қанша адам тұрады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мүгедектігі бар адамдар саны қай өңірде көп екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің дерегінше, елімізде 732 мың мүгедектігі бар азамат бар. Оның ішінде 201 мыңы зейнет жасындағы азаматтар, 112 мыңнан астамы бала.

Мүгедектігі бар адамдардың басым бөлігі Түркістан облысында (101 мың адам), Алматы қаласында (57,89 мың адам) және Қарағанды облысында (57,8 мың адам) тұрады, - деді Жақыпова.

Министр әлеуметтік қызмет көрсету бойынша қызметтер үнемі жетілдіріліп отыратынын айтты.

Бір әлеуметтік қызмет керек болған отбасына жақындап қарасақ, олардың басқа да мәселелері бар екенін көреміз. Өмірлік қиын жағдайға түседі. Оларға кешенді қызметті мобильді топтар атқарылуы керек. Бүгінде арнайы стандарт жасақталды. Ол цифрлық шешімдерді қолдана отырып, аталған отбасыны сүйемелдейді. Оның тиімділігі мен дұрыстылығын да бақылайды. Яғни ол орталықтан жүзеге асырылады, -деп айтты Еңбек министрі журналистермен кездесуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы