Елімізде мобильді ақша аударымдары бақыланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдары бақылауда болады.
Қаржы министрінің осыған қатысты 29 наурыздағы бұйрығы бүгін күшіне енеді. Мобильді аударымдарды бақылау арқылы жеке тұлғаның кәсіпкерлікке қатысы бар-жоғы анықталады.
Яғни жеке тұлғаның банк шотына қатарынан 3 ай ішінде 100 және одан да көп тұлғадан ақша түссе, онда бұл операциялар кәсіпкерлік қызметтен пайда табу деп есептеледі.
.
1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 айдың ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша аударылса, кәсіпкер болып, табыс табу белгісі болып саналады, – делінген ресми хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін 8 қалада ауа ластануы мүмкін
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы