Елімізде ММА-дан халықаралық түрнир өтеді
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде “Спорт бейбітшілік - елшісі” атты халықаралық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесуге Қытай мемлекетінен келген қонақтар, әлемге әйгілі ММА “JCK” тұжырымының президенті YAHG YU мырза бастаған бір топ делегаттары мен этномәдени ұйымдарының өкілдері қатысты.
Жиын Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов төралығымен өтті.
“ALASH PRIDE FC” пен “JCK” тұжырымдары арасындағы көптеген ауқымды жобалары талқыланып, алдағы уақытта да екі жақты келісімдерге келетіндерін алға тарта өтті.
Еліміздің брендіне айналған “ALASH PRIDE FC” промоушенінің ұйымдастыруымен ММА-дан үлкен халықаралық түрнирі өтеді.
“ALASH PRIDE FC” пен “JCK” тұжырымдарының өкілдері арасында кеңейтілген достық қарым-қатынасты нығайту мен спорттық-патриоттық бағытта жоспарланған бірнеше кездесулері өз жалғасын тауып жатыр.
Спорт бейбітшілік - елшісі, демекші бүкіл әлемде бейбітшілік заман болсын. Елімізде ММА спорты заманға сай қарқынды дамуда, кейінгі буынды жастар арасынан жаңа есімдер шығарына біз кәміл сенеміз. Осы бағытта тынбай еңбек етіп жүрген, “Алаш прайд” промоушені ұжымына ел атынан шексіз алғыс айтамыз. Осы жиынның өтуіне қолдау көрсеткен Алматы қаласының әкімдігіне, республикалық “Достық үйіне”, Алматы қаласының МИД өкілдеріне, “Масанчи-Жастары” өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз, - деді депутат.