Елімізде ми қан айналымын емдейтін 80-нен астам инсульт орталығы ашылды

Ми қан айналымының жіті бұзылуларын емдеу үшін республикада 81 инсульт орталығы жұмыс істейді. Жіті коронарлық синдром кезінде ел халқына 48 коронарлық араласу орталығы мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында айтты.

Медицинаның бірқатар бағыттары халықаралық деңгейде сәтті бәсекелеседі.

Орталық Азиядағы жалғыз «Гамма-пышақ» кешені ашылғаннан бері Ұлттық нейрохирургия орталығында орталық нерв жүйесінің ауруларын емдеу үшін 361 радиохирургиялық операция жасалды.

Астананың Кардиохирургия орталығында қан айналымын механикалық қолдау (LVAD) үшін жүректің жасанды сол жақ қарыншасын имплантаттау жүзеге асырылады.

2024 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ҚР-да қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім 0,7%-ға төмендеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Өзгелердің жаңалығы