Елімізде Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын ірі тораптық құрастыру жүзеге асырылады

Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ, «№ 405 Авиажөндеу зауыты»  мен «Ростех» корпорациясына қарасты «Вертолеты России» АҚ арасында Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын ірі тораптық құрастыруды Қазақстанда ұйымдастыру туралы келісім-шартқа қол қою барысында белгілі болды.

«Бұл құжат Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путин арасындағы бұрын қол жеткен уағдаластық негізінде жасалды.  Тікұшақтарды құрастыру және оны тапсырыс берушінің талабына сай бейімдеу «№ 405 Авиажөндеу зауыты» АҚ өндірістік алаңында іске асырылмақ. Аталған кәсіпорын Ми-8АМТ/Ми-171  тікұшақтарын жөндеу, жетілдіру және техникалық қызмет көрсету үшін қазақстандық және халықаралық органдардың сертификаттарын иеленген», - дейді ведомство мамандары.

Сондай-ақ бұл тікұшақтардың осы түрін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге біліктілігі сай келетін Қазақстандағы бірден бір кәсіпорын.

Айта кетейік, Қазақстанда ауыр тікұшақтарды құрастыру технологиясы  тұңғыш рет енгізіліп отыр және ол бюджеттік инвестицияларды тартпай ұйымдастырылуда.  

Тікұшақтарды құрастыру өндірісі отандық қорғаныс өнеркәсібін, азаматтық тікұшақ индустриясын және оқу-жаттығу базаларын едәуір дамытуға мұрындық болады.

Қазір Ми-8АМТ/Ми-171  тікұшақтарына негізігі тапсырыс берушілер мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық әуе компаниялары.  
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы