Елімізде метеожағдай қандай болатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 желтоқсан күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай күтіледі.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, еліміздің тек  5 қаласында – Қарағанды, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Өскемен және Шымкентте ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы