Елімізде мектептер мен мұғалімдер арасында рейтинг жүргізіле ме
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елімізде мектепте ведомствоның аппарат отырысында елімізде мектептер мен мұғалімдер арасында рейтинг жүргізілмейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі бірнеше жыл қатарынан мұғалімдер немесе мектептер арасында рейтинг жүргізіп жүрен жоқ. Мұндай мәселе жоқ екенін естеріңізге салғым келеді. Бірақ кейбір жекелеген мектептерде белгісіз рейтингтер туралы әңгіме қозғалатын сияқты. Осыған байланысты кейбір мектептерде балаларды өзінің еркінен тыс колледждерге ауысуға мәжбүрлеу фактілері кездесетін көрінеді, - деді министр.
Ведомство басшысы барлық білім басқармасына, білім бөліміне және мектеп әкімшілігіне ешқандай заңға сәйкес келмейтін, балаларды негізсіз колледждерге немесе басқа мекемелерге ауысуына мәжбүрлеу фактілер болмауын қадағалауды және оған жол бермеуді тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы