Елімізде медбикелердің фукнциясы кеңейтілді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ауылда медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған «адамға немесе пациентке бағдарланған тәсіл» медициналық-санитариялық алғашқы көмектің озық тәжірибелерінің жобалары енгізілуде. Мысалы, пациенттерді қолдау қызметі, ақпараттандырылған қоғамдық мониторинг және халыққа кері байланыс механизмі, инфекциялық емес ауруларды ерте анықтау, ауруларды басқару бағдарламалары, дұрыс тамақтануды, өмір салтын үйрету, әмбебап прогрессивті патронаж үлгісі, отбасын жоспарлау, ер адамдардың денсаулығын жақсарту, баланы дамыту кабинеті жобалары, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, медбикелердің функциялары кеңейтілген. 

Сонымен қатар емханаларда жұмыс жасайтын мейіргерлердің функциялары кеңейтілді. Олар рецепт жазудан, құжаттарды ресімдеуден басқа, созылмалы аурулары бар пациенттердің динамикаларын қадағалайды, пациенттердің проблемаларын шешуді жоспарлайды. Бұл практикалар бүгін көрмеде ұсынылды. Оларды барлық өңірлерге көрсету, енгізу жүзеге асырылуда, - деді Ажар Ғиният. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы