Елімізде мәжбүрлі некеге қарсы күрес күшейтіледі

Жаңа Конституция жобасында неке ер адам мен әйелдің еркін таңдауы мен тең құқықтарына негізделген одақ ретінде айқындалған. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, аталған норма мәжбүрлі некелердің алдын алуға бағытталған қосымша құқықтық тетікті қалыптастырады.

Неке тек ерікті болуға тиіс және мемлекетте ресми тіркелуі қажет. Бұл әйелдердің құқықығын қорғауды күшейтеді және кез келген мәжбүрлеу әрекетінің алдын алуға құқықтық негіз береді, - деді ол.

Сонымен қатар ол некені мемлекеттік тәртіпте ресми тіркеу мемлекет тарапынан берілетін кепілдік берілетінін айтты. Сондай-ақ құқықтық айқындықты қамтамасыз етеді, ерлі-зайыптылар мен балалардың құқықтарын қорғайды, отбасылық қатынастардағы теңдік пен тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. 

Пайымдауынша, жаңа Конституция жобасы мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырып, қоғам сенімін күшейтетін нормаларды да қарастырады. Сонымен қатар құжат экономиканы дамытуға, инвестиция тартуға, білім мен инновацияны қолдауға құқықтық негіз жасайды.

Еске салайық, Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин еліміз алғашқылардың бірі болып цифрлық деректерді қорғау нормасын Ата Заңға енгізіп отырғанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы