Елімізде мәйіттерді пышақ тигізбей зерттейтін жүйе енгізіледі

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстанда виртуалды аутопсия енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Виртуалды аутопсияны" енгізу жоспарлануда. Бұл – қайтыс болғандарға сот-медициналық зерттеулер жүргізу үшін компьютерлік томографияны қолдану. Зерттеу мәйітті кеспей (соймай) жүргізіледі. Бұл ұлттық және діни дәстүрлермен қайшылықты болдырмауға көмектеседі, - деді министр.

Сондай-ақ министр жасанды интеллектті пайдалана отырып, "Е-сараптама 2.0"ақпараттық жүйесінің жаңа нұсқасын әзірлеу қажет екенін айтты. Себебі қолданыстағы жүйе заманауи талаптарға сай келмейді. Оны басқа ақпараттық жүйелермен, жабдықтармен біріктіру мүмкін емес.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы