Елімізде маусымдық тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізде маусымдық тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды. Алғашқы болып вакцинация алғандардың бірі Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой болды, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Бүгін таңертең А. Цой Нұрсұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №9 емханасында тұмауға қарсы вакцина алды. Министр Ресей Федерациясының «ГРИППОЛ+» препаратымен егілді.


Осы жылы Қазақстан бюджет қаражатына Ресей өндірген «ГРИППОЛ +» вакцинасының 2,5 млн дозасын сатып алды. Вакцинада алдағы маусымға қарсы штамдар бар. Вакцинация елдің жалпы халқының 13%-ын қамтуға мүмкіндік береді, ДДҰ ұсынған жағдайда - кемінде 10%.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың неғұрлым осал топтары - медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, сәбилер үйлерінің балалары және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинацияланады, - деді А.Цой.

Бұдан басқа, вакцинация жұмыс берушілердің қаражаты және азаматтардың жеке қаражаты есебінен жүргізілетін болады. Тұмауға қарсы ақылы егу жеке вакцинация орталықтарында, тұрғылықты жері бойынша емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі.

Бюджет қаражатына сатып алынған «ГРИППОЛ +» вакцинасынан басқа, Қазақстанда 3 өндірушіден тұмауға қарсы тағы 4 вакцина тіркелген. Олар Санофи-Пастер (Франция), Инфлювак (Нидерланды) өндірген «Ваксигрип Тетра» вакцинасы және Синовак Биотек (Қытай) өндірген тұмауға қарсы вакцина.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы