Елімізде мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасы жеңілдеуі мүмкін
Сенат кулуарында сенатор Марат Қожаев жазаны жеңілдету жайлы ұсынысты талқылауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бастапқыда жүргізуші куәлігін бір жылға айыру қарастырылған еді, кейін екі жылға, содан кейін мерзім 5-7 жылға дейін ұзартылды. Мас күйінде көлік жүргізу тоқтаған жоқ. Ауыр жол апаттары орын алып, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілді, - деді ол.
Оның айтуынша, жазаның тым қатаңдығы қоғамға әсер етіп жатыр.
Бұл мәселенің екінші жағы бар: 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған кейбір азаматтар бізге шағыммен жүгінеді. Егер адамның кәсібі жүргізуші болса және ол осындай жазаға тартылса, отбасын асырауы керек қой. Сондықтан 7 жыл тым ұзақ емес пе?’ деген сұрақ туындайды. Қазір Мәжілістегі әріптестеріміз бұл мәселені қарастырып жатыр. Егер ол Сенатқа келіп түссе, біз де оны талқылаймыз,-деді сенатор.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Қазақмыс" шахтадағы жарылысты жоққа шығарып отыр
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында жолда қалған 40-қа жуық адам құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы