15 Қаңтар 2025 2025, 17:46

Елімізде мал күтуші мамандығы жойылады

Ғылым және жоғары білім министрлігі еңбек нарығында жойылатын мамандықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі еңбек нарығында жойылатын мамандықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрлік әзірлеген Жаңа мамандықтар атласына сәйкес, алдағы уақытта 10-ға жуық мамандыққа сұраныс азаяды.

Ауыл шаруашылығы саласы

2025 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласы бойынша:

- азық-түлікті қаптаушы-ораушылар;
- өнімдерді сұрыптаушылар;
- малшылар (мал күтуші);
- өнімдерді қолмен буып-түюшілер;
- ет өнімдерін әзірлеуші.

Құрылыс саласы

Министрлік өкілдерінің болжамы бойынша:

- 2025 жылға қарай – сәулетші-сызбашы;
- 2030 жылға қарай – шатыршы немесе үй төбесін жабушылар, сылақшылар, ал 2035 жылға қарай – монтажшылар мен осыған ұқсас мамандықтар жойылмақ.

Тау-металлургия кешенінде 2030 жылға бірқатар мамандық жойылуы мүмкін. 

Олар:
- нормалаушылар;
- ревизор;
- визуалды ақпарат жинаушыларға;
- сепараторшылар.

Ал 2035 жылға қарай бульдозер машинисі мамандығы жойылмақ.

Былтыр Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде сұранысқа ие мамандықтар туралы айтқан еді.