Елімізде Мәдени саясатты дамыту тұжырымдамасы қабылданады
Елімізде Мәдени саясатты дамыту тұжырымдамасы қабылданады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және архив ісі жөніндегі алқасының кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов министрліктің алдында заманауи мәдениетті, қоғам қалыптастыруда ұлт руханиятын ұлықтап, ұлттық дәстүрімізді насихаттау, оны ұрпақ санасына сіңіру бойынша ауқымды жұмыстар тұрғанын айтты.
Еліміздің мәдени саясатын жетілдіру – мемлекеттік орган алдында тұрған басты стратегиялық мақсаттардың бірі. Осы орайда Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Мәдени саясатты дамыту тұжырымдамасын өзектендіру жұмыстарын жүргізіп келеді, - деп атап өтті министр алқа отырысында.
Мәдени саясатты дамыту тұжырымдамасының жобасында Ұлттық жоба мен Президенттің Сайлауалды бағдарламасындағы көрсеткіштер интеграцияланып, халықаралық тәжірибеге шолу жасалды және мәдени саясаттың басым бағыттары қамтылған.
Министр маңызды құжаттың жұмысын әріптесі Нұрғиса Дәуешовке тапсырды.