Елімізде ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петиция қаралады

"E-Petition.kz" ресми порталында "Біз ҚР-дағы ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз" петициясы ресми қаралуы үшін қажетті қол жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚР ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жиналғаннан кейін, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес, петицияны қарау мерзімі – оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құралған жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы