Елімізде ертең құбылмалы ауа райы күтілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қарашада еліміздің 6 облысында ауа райы күрт құбылады, қар жауып, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
11 қарашада күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында тұман түсуі ықтимал.
Түнде Түркістан облысының оңтүстік және таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстік-батысында 15-20 м/с күшейеді.
Көкшетауда ертең көктайғақ болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Оралда ертең таңертең және түнде тұман түседі.
Түнде Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында және орталығында жаңбыр, қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде және шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.
Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе қаласында ертең көктайғақ болады.