Елімізде коронавирустан 29 бала емделіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады. Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 589 адам ем қабылдап жатыр. Оның арасында 29 бала бар.

Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік көрсеткіш туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.

Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат көздерінде жедел жарияланады. Ал аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы