Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 923 мыңнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК еліміздегі ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 20 қазандағы эпидемиологиялық жағдайды жариялады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 844 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 923 060 жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 185,
Алматы қаласында - 309,
Шымкент қаласында – 52,
Ақмола облысында – 146,
Ақтөбе облысында - 43,
Алматы облысында - 158,
Атырау облысында - 48,
Шығыс Қазақстан облысында - 119,
Жамбыл облысында - 31,
Батыс Қазақстан облысында -61,
Қарағанды облысында - 150,
Қостанай облысында - 123,
Қызылорда облысында - 35,
Маңғыстау облысында - 14,
Павлодар облысында - 186,
Солтүстік Қазақстан облысында - 151,
Түркістан облысында - 33.