Елімізде коронавирус жұқтырған 23 281 адам ем қабылдауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 281 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 100 өскіншек бала бар, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. 

Стационарларда  4 151 науқас жатыр. 19 130 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 423 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 106 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.  

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы