Елімізде коронавирустан көз жұмғандарды зерттеу орталығы құрылды

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық өңірінде Денсаулық сақтау басқармалары жанынан коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссиялар құрылды.

Комиссия науқас өлімінің тікелей себептерін анықтау үшін медициналық құжаттамаға талдау жүргізеді. Арқалықта үйінде қайтыс болған 84 жастағы науқасқа қатысты талдау жұмыстары 27 сәуір күні жүргізіледі. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша науқас өлімінің тікелей себебі анықталады. Бүгінде науқас туралы барлық қажетті медициналық құжаттар Арқалық қалалық емханасынан және облыстық жедел жәрдем қызметінен сұратылған - делінген Қостанай облысының әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Талдау нәтижелері кейінірек қосымша жарияланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы