Елімізде Конституциялық және саяси зерттеулер институты ашылды
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Maqsut Narikbayev University қабырғасында конституциялық құқық ғылыми мектебінің негізінде Конституциялық және саяси зерттеулер институты іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Институттың мақсаты университеттің жетекші конституционалист ғалымдарымен іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, конституциялық құқық, мемлекеттік басқару және саясат, әрі осымен байланысты салалар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және қолданысқа енгізу.
Институт қызметінің негізгі бағыттары:
– конституциялық институттар, адам құқықтары, мемлекеттік саясат, басқару және онымен байланысты салалар бойынша зерттеулер жүргізу;
– конституциялық құқық, мемлекеттік басқару және саясат саласындағы ұлттық және халықаралық гранттық ғылыми жобалар конкурстарына қатысу;
– университет студенттері, магистранттары және докторанттарымен ғылыми-зерттеу жұмысының әртүрлі нысандарын ұйымдастыру, студенттердің арасында университет ішіндегі, ЖООаралық конкурстар, халықаралық конференциялар, training sessions және workshops өткізу;
– Public Policy / Public Administration бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және оқыту курстарын өткізуге қатысу;
– ұлттық және халықаралық ұйымдар және мамандармен, соның ішінде басқа мекемелерде құрылған мамандандырылған институттар және орталықтармен ынтымақтастық.
Институт директоры Индира Оралқызының айтуынша, аталмыш институт еліміздегі конституциялық реформаны жүзеге асыру және дамыту мақсатында ашылуда.