Елімізде коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу бағасы қалай өзгерді
2024 жылдың ІІІ тоқсанында коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу бағасы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4.1% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, бағаның едәуір өсуі көп деңгейлі паркингтер сегментінде байқалды, онда жалдау төлемі 11.8% қымбаттады, сондай-ақ "В" класындағы қоймада орын жалдау 9.4% өсті, "С" класындағы кеңселер 8.1% қымбаттады.
Сондай-ақ коммерциялық жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне жалға беру төлемі 7.8% өскен асханалар әсер етті.
Кафелер мен өндірістік цехтарды жалдау бағасы бірдей өсті – 7.4%-дан, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарын жалдау ақысы 4.5% қымбаттады, ал қоймаларды жалға алу 5.6% көтерілді.
Фитнес-клубтар мен спорт залдарын жалға алу бағасы керісінше азайды - 0.2%.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақ дастарханы – береке бастауы
Өзгелердің жаңалығы