Елімізде көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер 32%-ға артқан – ІІМ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Ержан Сәденов:

еліміздегі криминогендік жағдай туралы ақпарат берді:
– жыл басынан бері қылмыстың төмендеуі байқалады. Қылмыстық құқықбұзушылық – 5,5 мыңға, қылмыс 10 мыңға азайған;
– қоғамдық орындарда және кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған құқықбұзушылықтар саны төмендеген;
– қылмысты ашу көрсеткіштері жақсарған;

елімізде «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру, құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» және оның алдын алу шаралары туралы хабарлады:
– жыл басынан бері әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесу 40 пайызға артқан, соның ішінде ұсақ бұзақылықтың алдын алу 30 пайызға, көлік қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу 48 пайызға көбейген;
– көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер 32 пайызға артқан, олардың қатарында мас күйде рөлге отырғаны үшін жауапқа тартылған азаматтар бар;
– іздеуде жүрген 1,6 мыңнан астам қылмыскер ұсталған, олардың 158-і шетелде тұтқындалған;

ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық атқару жүйесін жетілдіру және кадр үдерістерін цифрландыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысымен таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы