Елімізде көкөністер 10%-ға қымбаттады

Қазақстанда жаңа піскен көкөністердің бағасы бір жылда 10%-ға қымбаттады. Сарапшылардың зерттеуіне сәйкес, көкөністердің импорты экспорттан едәуір асып түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Energyprom зерттеуіне қарағанда, 20 қазанда келесі көрсеткіштер келтірілген:

  • Қияр - 29,6%-ға;
  • Қызанақ-21,8%-ға;
  • Пияз - 13,9%-ға;
  • Картоп - 13,2%-ға қымбаттады.

Сонымен бірге сәбіз бен ақ қырыққабат арзандады.

Сарапшылардың айтуынша, Алматы облысының тұрғындары бағаның өсуін ерекше сезінді. Жетісу және Атырау облыстарында да көкөністер айтарлықтай қымбаттады. Ал Жамбыл мен Ұлытау облыстарында бағаның төмендеуі байқалды.

2022 жылы көкөністердің негізгі түрлері бойынша Қазақстанға импорт экспорттан бірнеше есе асып түсті.

Мәселен, қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша баклажан импорты экспорттан 67,3 есе, бұрыш - 47,6 есе, қырыққабат - 18,3 есе өсті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы