Елімізде кітаптар 3,7% қымбаттады

2024 жылғы наурызда Қазақстандағы кітаптар өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 3,7% қымбаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдемесінде,  2023 жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында баспа компаниялары көрсеткен қызметтердің көлемі 70,2 млрд теңгені құрады.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 0,8% өсті.

Аталған соманың 23,5 млрд теңгесі – газет шығару, 16,7 млрд теңге – кітап шығару, 9,7 млрд теңге баспа қызметінің өзге түрлері есебінен болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы