Елімізде киім бағасы 15%-ға қымбаттаған
Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда бір жылда киім 14,6% қымбаттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда бір жылда киім 14,6% қымбаттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы energyprom.kz порталы зерттеу жүргізді.
Киім бағасы айтарлықтай шарықтаған өңір - Астана. Бір жылда бағалар бірден 25%-ға көтерілген. Келесі орында Қызылорда облысы - 19,8% және Ақмола облысында баға 19% қымбаттаған.
Бір жылда баға өсімі - ерлер киіміне 14% қымбаттаса, әйелдер киіміне 14,1% және балалар киіміне 17,2% қосылған.
Айта кетейік, осыған қарамастан биыл елімізде киім өндірісі 43,1 млрд теңгеге жеткен, бұл былтырғымен салыстырғанда 12,7% артық.
Импорт бойынша: биылғы қаңтар-тамыз айларында елімізге жалпы құны 888,9 млн АҚШ доллары болатын 71 мың тонна трикотаж және тоқыма киім импортталған.
Қазақстанға ТМД елдерінен 16,9 мың тонна киім әкелінді, бұл былтырғымен салыстырғанда 2,9%-ға аз. Импорт бойынша жетекші ел - Өзбекстан болды: 10,2 мың тоннаны құрады.
ТМД-дан басқа елдерден Қазақстанға 54,1 мың тонна киім импортталды, былтырғымен салыстырғанда 17,8% көп. Қазақстан үшін негізгі жеткізуші елдер Қытай мен Түркия.
- Тоқаев Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысын ауыстырды 15:42
- Балағат сөздері үшін бірнеше рет жауапқа тартылған әйел психикалық орталыққа жатқызылды 15:30
- Биыл 1,5 миллионнан астам қазақстандық паспорт пен жеке куәлік алды 15:14
- Университетке түсетін талапкерлер нені білуі керек: Грант қалай бөлінеді? 15:00
- Бір келісі – 2600 доллар: Алматыда киік мүйіздері аукционға қойылды 14:51
- Қызықты статистика: Қазақстанда Абай есімді 9 әйел бар 14:32
- Қазақстанның балабақшаларында кезек 160 мыңнан 23 мыңға дейін азайды 14:08