Елімізде халықтың ақшалай табысы орташа есеппен 3,8% артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы маусымда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 99003 теңгені құрады (алдын ала деректер). Бұл 2018 жылғы маусымға қарағанда 9,4% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,8% артты, деп хабарлайды Статистика комитеті.
2019 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 186221 теңгені құрады.
2019 жылғы шілдеде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 440,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы шілденің соңына 172,7 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне шаққанда 1,9% көрсетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаз маусымында 430 шақырымнан астам рельс жолы жөнделді
Өзгелердің жаңалығы