Елімізде қай банкнотты қолдан көп жасайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылмен салыстырғанда, Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер анықтаған жалған ақшалар көлемі былтыр 38%-ға азайды және 823 жалған банкнот пен монетаны құрады (2019 жылы 1 319 банкнот пен монета).
Төмендеуге әсер еткен негізгі себеп – қазіргі карантиндік шаралар мен шектеулер, өйткені, қолдан ақша жасайтындар әдетте жалған ақшаны базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде өткізіп жібереді.
Ұлттық банктің мәліметінше, қолдан көп жасалатын ақшаға 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жатады. Жалпы көлемнің 42,5% және 37,6%.
Жалған банкноттардың көп бөлігі Алматыда (554 дана, немесе 67,3%), аз мөлшері еліміздің батыс өңірінде анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сағынтаев мектептер және жолайрық құрылысының барысымен танысты
Өзгелердің жаңалығы