Елімізде қандай мамандар тапшы екені айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов халықты жұмыспен қамтамасыз ету тақырыбы аясында өткен брифингте елімізде қандай мамандар тапшы деген сұраққа жауап берді.

Редакциямыз брифинге қатысушыларға елімізде қай салада қандай мамандар тапшы, статистика бойынша қанша маман жұмыссыз жүр деген сауал жолдады.

Бүгінгі таңда жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрайды, атап айтқанда 449 мың жұмыссыз адам тіркеуде тұр.

Вице-министрдің сөзінше, электронды еңбек биржасына үнемі сараптама жүргізіліп отырады.

Әр мамандық әр түрлі уақытта сұранысқа ие. Мысалы, жылдың басында 65 мың сұраныс болса, атап айтсақ, құрылысшыларға, қызмет көрсету салаларында, сондай-ақ қазір маусымдық егін егу кезеңі, сол себепті ауыл шаруашылығы саласында мамандар тапшы. Денсаулық сақтау саласында дәрігерлер, онлайн форматта жұмыс істейтін IT мамандар тапшы, - деп жауап берді ол брифингте.
Енді министрлік қазіргі күні қандай маман тапшы екенін сараптап, алдағы оқыту курстарын соған сәйкес бағыттайды.

Еске сала кетейік, брифингте елімізде қанша адам жұмыссыз қалғаны, сондай-ақ биыл мемлекеттік бағдарлама аясында қанша адам жұмысқа орналасатыны туралы мәлімет берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы