Елімізде кадеттерді оқуға қабылдау басталды
Астана, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы мотоатқыш әскерлерінің мамандығы бойынша оқу үшін кәсіби сержанттар корпусы қатарына кандидаттарды іріктеуді жариялады.
Қазақстанның Қарулы Күштерінде кәсіби сержанттарды дайындауға үлкен мән беріледі.
Бүгінде сержанттар корпусы армияның жауынгерлік қабілетін нығайту:
келісімшарт бойынша және мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің жеке жауынгерлік және дене даярлығы;
әскери тәртіп пен құқық тәртібін ұстап тұру;
әскери қызмет өткерудің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету;
қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану қатарлы бірқатар маңызды міндеттерді орындайды.
"Кадет корпусына оқуға түсуге ниет білдірген адамдар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық куәландырудан өтеді. Әрі қарайғы кезеңдер тікелей Кадет корпусында өтеді. Бұл түбегейлі медициналық куәландыру және кәсіби психологиялық іріктеу, дене дайындығын тексеру, конкурстық іріктеу. Барлық кезеңдер ағымдағы жылғы тамыздың 1-і мен 20-ы аралығында өткізіледі. Қабылдау кезінде оқуға түсушілер корпустың аумағында орналасады және тегін тамақпен қамтамасыз етіледі" - делінген министрлік таратқан хабарландыруда.
Кадет корпусына әскери қызмет өткермеген, оқуға түсер жылы 17 жасқа толған, бірақ әскери қызмет өткерген жасы 21-ден аспаған азаматтар және оқуға түсер жылы 24 жасқа толғанға дейін мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілер, 25 жасқа толғанға дейін келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілер қабылданады. Аттестаттың орташа балы 3.5 немесе GPA 2-ден кем болмауы тиіс. ҰБТ сертификаты және кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері қажет емес. Жалпы оқу мерзімі 1 жыл 10 айды құрайды.
"Кадет корпусының түлектеріне техникалық кәсіби білімі туралы мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Кадет корпусын тәмамдағаннан кейін кадеттермен міндетті түрде, оның ішінде, шетелдік әскери оқу орындарында біліктілікті арттыра отырып, бөлімше командирінен бастап, Қарулы Күштердің Бас сержантына дейін әрі қарайғы мансаптық өсу болашағымен 10 жыл мерзімге Қарулы Күштердің сержанттар құрамы лауазымдарында әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалады" - дейді мамандар.
Кепілді әлеуметтік пакет қарастырылған. Оның ішінде, қызметтік баспанамен немесе тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз ету, балаларға кезектен тыс мектепке дейінгі мекемелерде орын беру, тегін медициналық қамтамасыз етуге қол жеткізу, оның ішінде, отбасы мүшелеріне және т.б.
Толыққанды ақпарат алу үшін тұрғылықты жер бойынша жергілікті әскери басқару органдарына жүгіну немесе 8 (71636) 4-15-20 телефонына хабарласу қажет.