Елімізде ірімшік қанша пайызға қымбаттады

2025 жылғы қаңтар айында Қазақстанда ірімшіктің орташа бағасы 1 кг үшін 5 210 теңгені құрады, бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 3,8%-ға қымбат, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең жоғары орташа баға Қызылорда қаласында тіркелген – 5 941 тг/кг. Шымкентте орташа баға 5 816 тг/кг, Ақтауда – 5 643 тг/кг, ал Таразда – 5 642 тг/кг.

Ірімшіктің ең арзан орташа бағасы Қонаев қаласында – 3 492 тг/кг. Қазақстанның өзге қалаларында баға 4 000-5 500 теңге арасында құбылады.

2024 жылдың 11 айында Қазақстан ірімшік пен сүзбенің 3,6 мың тоннасын экспорттады. Негізгі импорттаушы елдер ТМД мемлекеттері, соның ішінде Ресей (2,8 мың тонна), Қырғызстан (313 тонна), Өзбекстан (225 тонна), Армения (106,8 тонна), Тәжікстан (45,3 тонна), Түрікменстан (8,1 тонна), сондай-ақ өнім Біріккен Араб Әмірліктеріне, Оңтүстік Кореяға және Моңғолияға жеткізілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы